Қостанай облысында 4 мыңдай кәсіпкерлік жұмысын тоқтатқаны туралы жаңалық еңсемізді түсірген. Көп өтпей облыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыруға 49 млрд теңге бөлінді. «Еңбек» бағдарламасының арқасында өңірдегі 1 200 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Аймақта тағы қандай жаңалық бар? Астық өңіріндегі ахуал қалай?
Қостанай облысындағы мұндай жаңалықтарды облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков айтқан-ды. Өңірлік коммуникациялар алаңында брифинг өтіп, аймақта күнтәртібінде тұрған бірнеше мәселенің басын қайырды. Олжас Сапарбековтің айтуынша, пандемия өңір экономикасын айналып өтпеген. Дегенмен алға қадам жасауға қашанда мүмкіндік бар.Шағын және орта бизнеске тиген соққы
Індет салдарынан отандық кәсіпкерліктің ақсап қалғаны белгілі. Көптеген шағын және орта бизнес субъектілері жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Қостанай облысында кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау аясында бірқатар шешім қабылданып, шығынға ұшыраған кәсіп нысандарын аяққа тұрғызуға тырысуда. «Карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты бөлшек сауда саласындағы кәсіпорындардың 48,1%-ы қиын жағдайға тап болды. Жылжымайтын мүлікпен айналысатын ұйымдар мен жолаушылар көлігі, қоғамдық тамақтану, соның ішінде мейрамханалар бизнесі біраз шығынға батты. Статистикалық мәлімет бойынша, 24 мыңнан астам ШОБ субъектісіне карантиндік шаралардың салқыны тиді. Шектеулер жалпы кәсіпкерлік саласына теріс әсер етті. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 6,7%-ға төмендеді. Яғни, облыста 51 365 бизнес нысаны жұмыс істейді. Былтыр тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 55 081-ге жеткен еді», – дейді Олжас Сапарбеков. Оның айтуынша, қазір кәсібін дөңгелетіп отырғандарға барынша қолдау көрсету үшін жұмыс жүріп жатыр. Аймақта карантин шектеулеріне қарамастан, кәсіпкерлікті несиелеу кеміген жоқ. Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша биыл 10 айда 32 млрд теңгеге 398 бизнес-жобаға қолдау көрсетілген. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ШОБ-қа да қолдау бар. Оған 38,4 млрд теңгеге субсидиялар мен бюджеттік кредиттер берілген. Нәтижесінде, 18 600 кәсіп иесінің жұмысы алға баспақ.192 жоба мақұлданды
Ал «Қарапайым заттар экономикасына» келсек, бағдарламаның халыққа берері көп. Өйткені биыл өңірде бағдарлама шеңберінде 245 жоба қаралып, соның 192-сі мақұлданды. Жалпы, жобаның іске асуына 49 млрд теңге бөлінсе, соның 31 млрд теңгесі игерілген. Қолдаушылар құп көрген жобалар қандай дерсіз. Мақұлданған жобаның дені шағын және орта бизнес субъектілеріне тиесілі. Әрине, жоба талабы бойынша алдымен сақтық шарасы назарға алынады. Санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтау міндетті. «Бұдан бөлек «Еңбек» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2,9 млрд теңгеге 1 200 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Үкімет тарапынан ұсынылған бизнесті қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар пакеті бар. Мысалы, Ұлттық банктің жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша 159 млрд теңгеге 74 кредит берілген. ШОБ-қа қатысты тексерулер мен профилактикалық бақылау актілерінің саны 39%-ға қысқарған» дейді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов. Ұлттық банктен жоғарыдағыдай көмек келсе, екінші деңгейлі банктер де жағдайға бейжай қарамаған. Мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары саналатын 171 кәсіпкерлік субъектіге кредит мерзімін кейінге қалдыруға кеңес берген. Бұл өз кезегінде онсыз да кірісі азайған кәсіпкерге үлкен қолдау болған. Сондай-ақ коммуналды меншіктің 729 шарты бойынша жалдау ақысын есептеудің тоқтатылғаны тағы бар. Айта кетерлігі, 46 мың микро және шағын бизнес субъектісі салықтан босатылған. Облыстағы кәсіпкерге қолдау білдірудің жаршысы деп infokazakhstan электронды порталын айтуға болады. Өйткені сайт арқылы кәсіпкер қызметін қалпына келтіре алады. Мысалы, биыл 12 қарашадағы мәліметке сүйенсек, порталға 23 477 өтінім беріле, оның 18 472-сі шешімін тапқан.Цифрлар не дейді?
Қостанай өңіріндегі бірқатар мәселеге тоқталған соң, қорытынды деректердің басын шалмасақ жөн болмас. Қолда бар мәліметке көз жүгіртсек, 2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, облыста өнеркәсіп өндірісі 6,9%-ға өскен. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 19,3%-ға, ауыл шаруашылығы 11,8%-ға өскен. Негізгі капиталға инвестициялар – 14,9%, құрылыс жұмыстары 17,7%-ды көрсеткен. Ал тұрғын үйді пайдалануға беру 7,9%-ға жеткен, инфляция деңгейі 4,5%-ды құраған. Жалпы, республикадағы орташа инфляция деңгейі – 4,9%. Өңірге карантин шаралары біршама соққы берген. Жыл басынан бері «Көлік және қойма ісі» мен «сауда» секторында құлдырау байқалған. Бірақ қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, бір ай ішінде көліктік логистика көлемінің өсу қарқыны жалпы аймақ бойынша 13,4%-ды көрсетсе, ХҚҰ үлесі – 74,4%. Бөлшек саудада, керісінше, ХҚҰ 99,1% деңгейінде белгіленген. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 0,7%-ға жоғары. Өйткені қыркүйек пен тамыз айларына қатысты көлем 5,9% төмендеген. Жыл басынан бері облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1,1 трлн теңгені құрады. Оның ішінде өңдеу секторында – 19,3%, яғни өсім – 609,9 млрд. Тек машина жасау саласында жыл басынан бері өндіріс 1,5 есеге өскен. Оның қайта өңдеудегі үлесі – 43,0%. Жалпақ тілмен түсіндіргенде, 9 ай ішіндегі өсім – 263 млрд теңге. Аймақта автомобиль өнеркәсібі қарқынды дамуын жалғастырып келеді. «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС 26, мыңнан астам техника шығарды. Өсім көрсеткіші 1,6 есеге өскен. 2020 жылға дейінгі жоспар бойынша 50 мың автомобиль, оның 10 мыңы экспортқа шығарылады. Есептеу дерегі бойынша, жыл басынан бері 5 474 автомобиль экспортталды. Автобустарға келетін болсақ, 879 дана автобус жасап шығарылған. Ал бұл өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда 2,1 есе көп. Қостанайдың астық өлкесі екені баршаға аян. Сондықтан мұнда ауыл шаруашылығына артылар сенім бөлек. Аймақтағы аталған сектордағы жалпы өнім көлемі – 330,3 млрд теңге. Мәселен, 2019 жылдың 9 айында көлем көрсеткіші 249 млрд теңге болған. Яғни, IFO – 111,8%. Биыл егін жинау науқанында 4,0 млн тонна астық бастырылды. Оның ішінде 3,5 млн тонна бидай жиналды. Оның орташа өнімділігі – 10,2 ц / га. Ал өңірде 190 мың тонна майлы дақылдар жиналған. Орташа өнімділігі – 4,2 ц / га. Тазалау жұмысы жалғасып жатыр. Мал шаруашылығына келсек, облыста өсім бар. Мысалы, ірі қара 2,0%-ға, қой 2,0%-ға, жылқы 5,1%-ға өскен. Бірақ «Арқалық» құс фабрикасында жоғары патогенді құс тұмауының салдарынан құстар саны 0,5% азайды. Облыстағы ет өндірісінің 78,8 мың тонна, сүт өндірісінің 374,2 мың тоннаға өсуі байқалған. Сонымен қатар өсімдік майының экспорты 3,2 есеге өссе, ұнға сұраныс 11% -ға артқан. Жалпы, құрылыс саласында динамикалық өсім байқалады. Орындалған жұмыс көлемі 17,7%-ға өсіп, 100,0 млрд теңге болды. Тұрғын үйді пайдалануға беру деңгейі 107,9%-ға жетіп, аймақта 285,5 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Өңір экономикасына 14,9% өсіммен 234,1 миллиард теңге инвестиция тартылды. 2019 жылдың 9 айындағы инвестиция көлемі 196,5 миллиард теңгені көрсеткен-ді. Оның 71,1%-ы (166,4 млрд теңге) меншікті және қарыз қаражаты болса, қалған 28,9%-ы (67,7 млрд теңге) бюджет қаражаты еді. Ал қазір көлік пен қойма инвестициясы 87,2%-ға өссе, құрылықа тартылғаны – 41,9%, жылжымайтын мүлікпен операциялар 28,6%-ды көрсетті. Өткен жылғы облыстық бюджет шығыны – 267,3 млрд теңге. Яғни, бюджет 99,9%-ға игерілген. 2020 жылға арналған бюджет жоспары 408,6 млрд теңге. Ал кірістер бойынша мемлекеттік бюджеттің жоспары 105,1% -ға (144,9 млрд теңге) орындалып, жергілікті бюджет 5,9%-ға (75,3 млрд теңге) асып түскен.25 ауылға ауызсу тартылады
Елімізде ауылдағы ауызсу мәселесі кезек күттірмеуі тиіс. БАҚ бетінде осыған қатысты талай мақала жарық көрді. Ашынған жұрт теледидардан мұңын айтып, шешім күтіп жүргені қаншама. Қостанайда да тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту жоспары кезең-кезеңімен орындалып жатыр. Облыс әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дәурен Асқаровтың айтуынша, облыста 520 ауыл бар, оның 174-і орталықтандырылған сумен жабдықталған. «2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде ауылдарды сумен жабдықтау бойынша 37 жоба іске асып жатыр. Бұған 9,6 млрд теңге бөлініп, оның 7,85 млрд теңгесі игерілді. Жыл соңына дейін 25 ауылды сапалы ауызсумен қамтимыз. Келешекте 69 ауылды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жоспарда бар. Жоба іске асса, ауыл халқының 82%-ы сапалы ауызсуға қосылуға мүВосточные, Сарыкөл ауданының Златоутс ауылдары орталықтандырылған су жүйесіне қосылып, «өрісі» кеңіп қалғанды. Облыста білім саласын дамыту жағы да жетекші орында тұр. Қашықтан оқу кезінде кедергі болмауы үшін оқушыларға 9,5 мың компьютер алу үшін Үкіметтен қосымша қаржы бөлінген. Әрі аймақта «Әліппені» апробациялау үшін Рудный қаласында 1 пилоттық мектеп анықталған. Қостанайдағы білім ахуалы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәменованың айтқаны бар. «Қашықтан оқыту үшін сапалы жағдай жасауға Үкіметтен резервтен 15 мыңнан аса компьютер сатып алуға 2,4 млрд теңе бөлінген. Қазір облысқа 9,5 мың компьютерлік техника жеткізілді. 15 қарашаға дейін қалған топтама – 5 538 ноутбукты жеткізу жоспарда бар. Олар облыс мектептеріне толығымен үлестіріледі. Қазір ата-аналармен онлайн байланыс жүйесі бірізге түсті. «Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлығы мен оларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша онлайн режимде ата-аналар жиналысы өтті. Ақпараттық платформалармен жұмыс тәжірибесі оңтайланды. Әзірлеушілермен кері байланыс ретке келіп, анықталған қателіктер дұрысталды. Өзгерістер енізіліп жатыр»,– дейді Зәуре Бәменова. Қостанай облысындағы тыныс-тіршілік сипаты осындай. Бірнеше салада дамуға даңғыл жол ашылған. Егер облыста жоғарыда аталған бірқатар жоба сәтті жүзеге асса, А.Байтұрсынов туған өлкеде өндіріске қатысты тың жаңалық көп болмақ. Жауапты қызметкерлер сөзден таймай, жоспарды уақытында орындаса, тұрғындар шын қуанары хақ.Айбике ЖАНАСЫЛ