Көкшетауда мүгедек жігіт курьер болып, күніне 3 мың теңге тауып жүр
Көкшетауда мүгедек жігіт курьер болып, күніне 3 мың теңге тауып жүр
174
оқылды

Көкшетаулық 39 жастағы екінші топ мүгедегі Ержан Есполов күн сайын велосипедпен қаншама шақырым жүріп, курьерлік қызметте жүр.

  Алайда азамат қиындыққа қарсы тұрып, күресуге қоырқпайтын жан. Ержанның айтуынша, курьердің жұмысы өте қиын. Өйткені ол жерде  адамды жауапкершілік пен тәртіп қана емес, физикалық формада қажет етеді. Ол күніне велосипедпен 30 шақырымға дейін жүреді екен. Мүмкіндігі шектеулі адамға бұл оңай емес, бірақ Ержан бәрін жеңетініне сенеді.

«Бұрын жаяу жүретін едім, қазір велосипедім бар. Оны досым маған екі жыл бұрын сыйлыққа берген. Сол сыйлығына қатты ризамын. Пайдама жарап сәлемдемелерді велосипедке тасымалдауға арналған шағын қондырғы жасап алдым», - дейді ол.

Ержанның жұмыс кестесі – таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін. Жалақысы күніне төленеді, онысы -  3000 теңге. Соған қарамастан жігіт, көңіліне кірбің түсірмей, болашаққа, жақсылыққа деген сенімі мол.  Алға қойған жоспары да бар. Келешекте көлік сатып алып, өз кәсібін ашқысы келеді екен.