Димаш 5 жасында алғашқы табысын тауып, оны әжесіне бергенін айтты
Димаш 5 жасында алғашқы табысын тауып, оны әжесіне бергенін айтты
489
оқылды
Әлемге танылған әнші Димаш Құдайберген ресейлік МУЗ-ТВ арнасының директоры Арман Дәулетияровқа сұхбат берді.   Әнші сұхбат барысында бала кездегі арманы, алғашқы табысы туралы айтты.
«Кішкене кезден таэквондомен айналысып, суға жүздім, вокалымды күшейтіп, фортепианода ойнадым. Музыка мектебіне барып, спорттық үйірмелерден қалмадым. Үш жаста болсам да, үлкен сахнаны армандайтын едім. Басқаша өмірді армандаған емеспін. Әрдайым әнші, әртіс болатынымды сезетінмін», – деді Димаш Құдайберген.
Дара дауысты Димаш 5 жасында республикалық деңгейдегі «Айналайын» конкурсына қатысып, лауреат атанған.
«Маған алғыс хатпен бірге мың теңге берді. Қазір ол дегеніңіз үш долларға тең сома. Сол алғыс хатым мен мың теңгені әжеме тезірек табыстауға асыққаным есімде. Әжем өзіне бірдеңе алсын деп ойладым. Үйге қайтып бара жатқан кезде анамнан «Теңге сізде ме? Қазір әжеме береміз» дей бергенім есімде», – деп еске алды ол.