Күйші робот Абайдың күйін орындады (видео)
Күйші робот Абайдың күйін орындады (видео)
5,299
оқылды

Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстазы Бақытбек Орынбаев шәкірттерімен бірлесіп, күй тартатын робот құрастырып шықты.

24.kz-тің хабарлауынша, еңбекті Абайдың 175 жылдығына арнаған. Күйші роботты құрастыруға 2 ай уақыт кеткен. Роботтың ерекшелігі — пернелерді еркін басып, ішекті қалауынша қаға алады. Күйші Робот Абайдың «Торыжорға» күйі мен халық әні «Еркем-айды» орындаған.