Модельер Патрик-Луи Виттон 68 жасында Францияда қайтыс болды.
1854 жылы Louis Vuitton сән үйінің негізін қалаған Луи Виттонның немересі сән әлемінде атақты. Әзірге өлімінің себебі айтылмады. Патрик-Луи Виттон сән үйінде 22 жасынан бастап, 1973 жылдан бері жұмыс істеген. 1990 жылы ол арнайы тапсырыстар бөлімінің басшысы болған.