«Атырау – Алматы» рейсін орындау барысында ұшақтың желдеткішінен ақау шыққан.
Сондықтан ұшақтың командирі Атырау әуежайына қайта оралуға шешім қабылдады. Қону штаттық режимде орындалды.
Жолаушыларды Алматыға таңғы рейспен жөнелту жоспарда бар.
Scat авиакомпаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Старожилованың айтуынша, жолаушылар қонақүйге орналастырылды.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін Атыраудан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақтың құстармен соғысып, кері қайтқанын жазған болатынбыз.