Басылымның жазуынша, облыс әкімі елеске қатысты ақпарат жалған деп санайды. Соған қарамастан, бәрібір полицейлерді елестің бар-жоғына көз жеткізу үшін Ханкөлге жіберді.
«Құқық қорғау органдары күнде таңертең тұрғындардың қауіпсіздігі жөнінде маған есеп береді. Сондықтан ел тыныштығын алған жайттың ақ-қарасын полицейлер анықтап көрмек. Егер елес кезіп жүргені шындыққа жанаспаса, демек жалған ақпаратпен біреулер қалжыңдап жүрген болуы мүмкін. Сондықтан полиция тексеріп, нақтысын елге айтады», – дейді Ғали Есқалиев.