Нұр-Сұлтанда жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры 32 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді.
«Астана-Көкше» ЖШС директоры аса ірі көлемде бюджет қаражатын иемденді деген күдікпен ұсталды. Нұр-Сұлтан қаласының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша «Астана-Көкше» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.
«Ол «М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МҚКК ғимаратын қалпына келтіруге бөлінген 32 миллион теңге сомасындағы қаражатты иемдену жолымен жымқырғаны үшін күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр» делінген хабарламада.
Анық-қанығы тергеу нәтижелерінен кейін белгілі болады.