Елорда полициясы халықаралық іздеу жариялады: 37 жастағы әйел табылмай жатыр
Елорда полициясы халықаралық іздеу жариялады: 37 жастағы әйел табылмай жатыр
198
оқылды

Нұр-Сұлтан қалалық тәртіп сақшылары аса ірі көлемде алаяқтық жасаған әйел туралы қандай бір ақпарат болса, полицияға хабарласуды сұрайды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Криминалды полиция басқармасы әйелдің аса ірі көлемде алаяқтық жасағанын айтады.

«1982 жылы туған Сарсенова Мәдина Мырзабекқызы аса ірі көлемде алаяқтық әрекетке барды. Оған халықаралық іздеу жарияланды», - делінген қалалық полиция департаметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшылары тұрғындардан көмек сұрап отыр.

«Бұл адам туралы қандай да ақпарат болса, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне (Бейбітшілік көшесі, 19) немесе 8(7172) 71-60-10, 71-60-22 телефондарына хабарласуды сұраймыз», – делінген хабарламада.