Шекарашылар 40 тонна ірі қара мал терісін, 60 кг елік етін және 40-тан астам оқ-дәріні шекара асырмақ болғандарды құрықтады. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлады.
Шекарашылар өткен тәулікте Қазақстан-Ресей шекарасында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда Ақтөбе шекара жасағының «Жайсан» өткізу пунктінде жалпы салмағы 39,5 тонна ірі қара мал терісін (құны 3 млн теңге шамасында) заңсыз өткізбек болған екі оқиғаның жолы кесілді. Ұсталғандар – 1990 және 1971 жылы туған Қазақстан азаматтары. Бұл іспен Ақтөбе облыстық мемлекеттік кірістер департаменті айналысып жатыр.
«Сондай-ақ, Ақтөбе шекара жасағының «Әлімбет» және Павлодар шекара жасағының «Қосақ» пунктілеріндегі тексеру барысында аң аулауға арналған 12 калибрдің жалпы саны 41 оқ-дәрісін алып өтпек болғандар ұсталды. Ұсталғандар аудандық полиция бөліміне тапсырылды», – делінген хабарламада.