Қазақстан LRT жобасы бойынша Қытайға қарызын төледі
Қазақстан LRT жобасы бойынша Қытайға қарызын төледі
221
оқылды

Қазақстан Нұр-Сұлтандағы LRT жобасы бойынша Қытайдың Даму Банкіне қарызын төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Астана LRT» ЖШС есептелген сыйақыны ескере отырып, Қытайдың Даму Банкінен алынған несиені мерзімінен бұрын төледі», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Несиелік шарттың талаптары бойынша, несиені мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл есептелмейді.

Тамыз айында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары және Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның Қытай мемлекеттік банкіне 344 миллион доллар қарызы туралы хабарлаған болатын.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке LRT жобасын тексеруді күшейтуді бұйырған.