24 жастағы қарағандылық отбасылық жанжалдан соң тоғыз қабатты үйдің төбесіне шығып, өмірмен қоштаспақ болды. Полиция қызметкерлері оны құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
102 нөміріне Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс ауданына қоңырау түскен. Сатыбалдина көшесіндегі үйдің тұрғыны диспетчерлерге көрші үйдің төбесінде бір қыздың секіргелі жатқанын хабарлайды.
Полиция қызметкерлері – лейтенант Ерасыл Мұрат пен сержант Бекзат Омашев дереу айтылған мекен-жайға жетті. Тәртіп сақшылары тез арада үйдің төбесіне көтеріліп, олардың бірі қызбен келіссөз бастайды.
Полиция қызметкерлерлі қызбен жылы сөйлесіп, алдарқатып, нәтижесінде қызды аман-есен алып қалды.
https://youtu.be/JdE1nc9HMfQ