Шығыс Қазақстан облысының билігі қала атын қазақшалаймыз деп ұятқа қалды, – деп хабарлайды КТК.
Шаһардың шыға берісіндегі тас жолға үлкен әріптермен Өскемен деген жазуы бар тұғыр орнатқан. Алайда оны жазғандар «с» әрпін ұмытып кеткен. Өкемен деген қате күйінде жазып қойған. Көзге бірден көрінетін сауатсыз жазудың тұрғанына екі аптаға жуық уақыт өтседе өңір билігі үнсіз.
Тіпті мұны кімнің жазғаны да тапсырыс беруші де белгісіз. Бар болғаны жеті әріптен тұратын қала атауын қатесіз жаза алмаған атқамінерлер біріне-бірі сілтеп қандай да бір түсінік беруден де бас тартып отыр.
Бұған дейін «Сөзіңе жауап бересің» деген әкім аймақтың мәселесін айтқан тұрғынмен кездескенін жазған болатынбыз.