Сыр елі – жыр елі
Сыр елі – жыр елі
659
оқылды

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы ая­сында қазақ мәдениеті мен өнерін әлемге насихаттау жолындағы қыр­уар жұмыстар жүзеге асырылып, ай­тар­лықтай табыстарға қол жетті. Қа­зақ өнері мен мәдениеті  дүниені шар­лады. Бұл жетістікке Сыр бойы­ның қосқан үлесі де сүбелі.

Қорқыт ата мұралары ЮНЕСКО-ның материалдық емес, мәдени мұралар тізі­міне енгізілді. Түркі дүниесіне ортақ абыз­дың күйлері мен аңыздары тек қазақ хал­қында сақталған. Осы орайда, ха­лық­аралық ұйымның арнайы комиссия­сына Сыр ғалымдарының зерттеу еңбек­тері мен нақты дәлел-дәйектері ұсынылған бола­тын. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы өңірімізде  Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында  Ерсайын Төлеубайдың «Абай» драмасымен ашылса, қаңтар-ақпан ай­ларында ақын мұрасын насихаттау мақ­сатында Семей қаласындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық музейінің Қызылорда қаласындағы жылжымалы көрмесі, С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясындағы көрме, жалпы­респуб­ликалық «Музейлер шеруі» акция­сы ая­сын­дағы танымдық шара көпшілік көңілі­нен шықты. Сонымен қатар республикалық ақын­дар айтысы, Абай шығармаларын орын­даушылардың концерті, Ә.Тәжібаев атын­дағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана мен Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхананың бірлескен әдеби танымдық онлайн кеші, кең көлемде кітап көрмелері ұйым­дас­тырылды. Өзгеріс енгізілді, бірақ іркіліс болған жоқ. Төтенше жағдай барысында об­лыстың мәдениет және өнер мекемелері наурыз айынан бастап онлайн режиміне көшірілді. Әрбір мекеменің арнайы мәдени іс-шаралар жоспары әзірленіп, Facebook, Instagram, YouТube, Telegram, TikTok әлеуметтік желілері арқылы елге жан азығын сыйлап, халықты жігер­лендіруге өз ықпалын тигізді. YouТube бейнехостингінен «Сыр Шаңырағы» каналы ашылып, халқымыздың рухын көтеру мақсатында сала бойынша түрлі форматта 207 онлайн шара енгізілді. Қазіргі  уақытта каналдың  қаралымы 5 703-ке, тіркелгендер саны 1 420-ға жетті. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орта­лығы, мәдениет үйлері мен клубтар атадан балаға мұра болған жыршы-жыраулық, шешендік өнерді дәріптеп, Сыр бойы билері мен батырларының тарихын, әңгі­мелерін, тарихи оқиғаларын, шешендік сөздер мен жыраулардың дауысын, соны­мен бірге аймақ ақындары­ның шығар­маларын таныстыратын айдар ашып, онлайн жазба ақындар айтысын өткізіп, халық көңілін серпілтуге өз септігін ти­гізді. Н.Бекежанов атындағы қазақ ака­демия­лық музыкалық драма театрының майталмандары күніне бір рет шығатын «Өнер әлемі» айдарымен 32 мәрте тікелей эфир жүргізді.  «Онлайн спектакль» айдары бойынша 50-ден аса әлемдік және қазақ драматургтерінің шығармасын ұсынды. Кітапхана тұтынушыларының саны тө­мендеп кеткен жоқ.  Мысалы, Ә.Тә­жібаев атындағы облыстық кітапхана қызметін бір жыл ішінде 31969 оқырман пай­даланған. Карантин кезінде де кітап­хана қызметкерлері оқырманмен өзара байланыста бола білді. YouTube бейне­хостингінде кітапхананың Talking Book «Говорящая книга» жобасы аясында жас­тар оқыған кітаптары туралы KZO-book каналына бейнероликтер орналастырды. Кітапхана қызметкерлері әлеуметтік желі­лерде «Біз біргеміз!» атты бейнероликтер мен челлендждер жариялады. Сонымен қатар биылғы жылы кітап­хана қорына жаңадан алынған «Жаңа гу­манитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы кітап­тардың, әл-Фарабидің 7 томдық жинағы­ның, Абай шығармаларының  және сирек кездесетін кітаптар мен құнды қолжазба­лардың онлайн таныстырылымы ұйым­дас­тырылып, жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, кітап оқуға деген сүйіс­пеншілігін арттыру мақсатында онлайн викторина, онлайн оқу  өткізілді. Облыс музейлері әлеуметтік желілерде өлке тарихын таныстыруды тұрақты жүр­гізіп, «Бір жәдігер тарихы», «Асыл мұра» айдары арқылы музей қорындағы құнды экспонаттар онлайн режимінде насихат­талуда. Ежелгі және ортағасырлық – Сығанақ, Асанас, Бәбіш мола, Сортөбе, Қышқала, Жанкент қалашықтарына жоспарланған археологиялық қазба жұмыстары маусым-қыркүйек айларында жүзеге асырылды. Сондай-ақ  облыс көлемінде 4 бюст орна­туға Мәдениет және спорт министр­лігі жанындағы Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі мемле­кеттік комиссияның келісімі алынып, эскизі бекітілді. Қазір Қызылорда қаласында Нағи Ілиясов, Ыдырыс Қалиев, Сейілбек Шаухаманов, Арал ауданында Ұзақбай Қарамановтың қола мүсіндері қойылды. Сонымен бірге «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол карта­сы» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 4 нысанға құрылыс жұмыстары, 1 нысанға қайта жаңғырту, 3 нысанға күрделі, 14 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Талғампаз Сыр жұртшылығы алдағы кезеңде әл-Фарабидің 1150, Алтын Орда­ның 750, ұлы Абайдың 175 жылдығына орай мәдени-көпшілік шаралар өтуде. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған республикалық Отырар қорық музейінің Қызылорда қаласында жыл­жымалы көрмесі, «әл-Фараби және әлем­дік өркениет» атты ғылыми-танымдық конференция және кітап көрмесі ұйым­дастырылады. Н.Бекежанов атындағы қазақ ака­демия­лық музыкалық драма театрында Хұсейін Жүсіпұлының «Ешкімге керегі жоқ ауыл», Думан Рамазанның «Абылай ханның арманы», Жан Батист Мольердің «Ақымақ болмақ тоғышар» спектакльдері сахналанады. Қазір облыстық халық шығарма­шылы­ғын дамыту және мәдени-про­дюсерлік орталығы облысымызда халық шығар­машылығының жанр түрлерін дамы­тып, түрлі жобаларды қолға алды. Алдағы уақытта өңіріміздің бренді сана­латын жыршы-жыраулық өнерді одан әрі жандандыру, жастарды классикалық ән өнерін дамытуға баулу бағытында жұ­мыстар жүргізіледі. Пандемиядан кейін де сала жұмысында әлеуметтік желі арқы­лы онлайн шаралар өткізу тоқтатылмайды. Тұрақты жобалар арқылы іс-шаралар өт­кі­зіле береді. Миуа        Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы