Орал қаласының тұрғыны жолда қыздың елесін өз көзімен көргенін айтты (Видео)
Орал қаласының тұрғыны жолда қыздың елесін өз көзімен көргенін айтты (Видео)
363
оқылды
Әлеуметтік желілерде әжей мен сары қыздың елесі туралы ақпарат тарап жатқаны белгілі. Осыдан кейін оралдық полиция қанды қол қарақшыны қойып, жын-перілердің ізіне түсетін болған. Астана телеарнасы Батыста кімге не көрініп жүргенін саралап қайтқан еді. Елес туралы әңгіме бір ауданның мазасын қашырады. «Көзіммен көрдім» дегендер көп.  Соның бірі – Орал қаласының тұрғыны Индира Сәндібекова.
«Қаратөбеден 15-20 шақырым жүргеннен кейін машинамыз тарс ете қалды. Мен көзімді ашып қарасам, әдеміше келген бір сары қызды көрдім. Машинаның үстіне отырып алған. Жанымда отырған екі үлкендеу кісі «пісміллә-пісміллә» деп жатты. Мен «пісміллә» дегенді де айта алмадым», – дейді ол.  
Облыстық полиция арнайы топ құрып жын-пері туралы ақпаратты саралап шықты. Ал ауылдық округ әкімі молда шақырып, құрбандыққа мал сойдырған.
«Айттық қой жаңағы камазисті мешітке апарып, молда оқытып, содан кейін барып кетті деп. Жын болады ғой, иесіз далада, иесіз үйлерде. Бастың амандығы мен ел үшін  18 адамменен далада сақтанып отырып, далада бір мал сойдық Қазақтың ерте дәстүрінен келе жатқан нәрсе ғой», – дейді Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиев.
Енді полиция қызметі осы істі жіті тексермек. Көзі тірілерді айыппұлмен қорқытуды да ұмытпады. «Жын-пері туралы жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салып, 5 жылға соттаймыз» деп сес көрсетті. Ал елес бар болса, айыппұлды кім төлейді? Бұл жағы белгісіз.