Ішкі істер министрі тоғызыншы қабаттан секірмек болған қызды құтқарған полицейлердің еңбегі көпке үлгі екенін айтты.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кеше Қарағандыда қызды құтқарып қалған патрульдік полиция қызметкерлерін қабылдады.
ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция лейтенанты Ерасыл Мұрат пен полиция сержанты Бекзат Омашевқа жеделдік танытып, батылдық көрсеткені үшін алғыс алды.
Екі полицейді ІІМ-нің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады.
Марапаттау салтанатына Нұр-Сұлтанда Министрлік орталық аппаратының қызметтері мен бөліністері басшылары қатысты. «Мыңдаған жас қызметкер күн сайын халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етуде. Оларға әр түрлі жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді, олар атақ үшін емес, өзінің қызметтік және азаматтық борышына сәйкес батырлық жасайды. Сіздердің батылдығыңыз осының дәлелі және барлық жеке құрамға үлгі» – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.
Министр ІІМ қызметкерлері жыл сайын 10 мыңнан астам адамды оқыс оқиғадан аман алып қалады.