Бастықты шектейтін тосын тыйым
Бастықты шектейтін тосын тыйым
120
оқылды

Қазақстанда алғаш рет саяси қызметшілерді ротациялау институты енгізілмек. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі хабарлады. Ведомствоның түсіндіруінше, бұл жаңалық Президент өткен жұмада, 13 қарашада қол қойған, мемлекеттік қызмет саласындағы кейбір актілерге өзгерістер енгізген Жарлыққа сай өмірге жолдама алды.

Енді елімізде саяси қызмет­шілерді, яғни әкімдерді, министр­­лерді, вице-министрлерді, комитет, департамент жетекшілерін және басқа да бастықтарды тұрақты түрде ауыстырып отыру институты алғаш рет енгізілмек: бұрын міндетті ротация тек әкімшілік қыз­­метшілерге қол­­данылған. «Бұдан былай саяси қыз­метшілер лауа­зымына тағайын­­далған күннен бастап әрбір 4 жыл сайын ротацияланатын болады. Бұл ретте, тиісті ме­морган басшысының шешімі бойынша саяси қыз­метшінің атқаратын лауазымында болу мерзімі тағы 2 жылға ұзартылуы мүмкін. Кейін­­нен 2 жылға ұзарту Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық ко­­­­миссияның шешімі бойынша ғана мүмкін болады. Осы­­­­­­лайша, саяси қызметшілердің лауазымда бо­­­луының рұқсат етілген ең ұзақ мер­зімі 8 жылдан аспайды», – деді агенттік. Саяси қызметшілерді рота­­циялау институты 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. Сондай-ақ осы Жарлықпен «Б» корпусының қызметшілерін рота­циялау тәртібіне толық­­тырулар енгізілді. Мәселен, әкімдіктер бас­қар­­маларының басшыларына қатысты «өңіраралық ротациялау» деген енгізілді: бұрын оларды тек бір әкімдік шегінде ғана ауыстыру қол­да­­­ны­­­­­латын. Бірақ мұндай ротацияны әкімдер ко­мандасымен өзге өңірге көшіп баруға пай­далануы ықтимал. Сондықтан осы ротация тек агенттікпен келісім бойынша ғана жүр­гізілетін болады. Бұдан басқа, соңғы 3 жыл бойы белгілі бір басшылық лауазымдарды атқаратын, соның ішінде әртүрлі меморгандарда жұмыс істейтін «Б» корпусының қызметшілерін ерікті ро­тациялау енгізілді. Сонымен қатар мұндай ротация басқа әкім­шілік-аумақтық бірлікке ғана мүмкін болады. Зейнеткерлік жасқа толуына 3 және одан аз жыл қалған қызмет­шілерге ротациядан бас тарту құқығы беріледі.

Айхан ШӘРІП