Әкесіне бару үшін үйінен қашып кеткен жасөспірім Қызылордадан табылды
Әкесіне бару үшін үйінен қашып кеткен жасөспірім Қызылордадан табылды
206
оқылды

Алматы облысы Полиция департаментінің Панфилов аудандық полиция бөліміне 36 жастағы азаматша 14 қараша күні кәмелетке толмаған баласының үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмағаны туралы шағымданған.

Содан кейін жасөспірімге бүкіл өңірде іздеу жарияланды.

«Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері осы мақсатта еріктілермен бірге баланы іздестіруге белсене қатысты. Нәтижесінде, 15 қарашада сағат 16.00-де жасөспірім Қызылорда қаласының автовокзалынан табылған. Мән-жайды анықтау барысында баланың Шымкент қаласына дейін жетіп, таксимен Ақтөбеде тұратын әкесіне бармақ болғаны анықталды. Ол әкесіне аман-есен табыс етілді. Баланың әкесі қызылордалық полицейлерге кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдірді», ­– дейді полицейлер.