Түркістанның тынысы
Түркістанның тынысы
250
оқылды

Бүгінде Түркістан облысының даму қарқыны жаман емес. Олай дей­тініміз, еліміздегі карантиндік шараларға қарамастан, жыл басынан бері ауыл шаруашылығында 706,1 мың тонна өнім экспортталды. Өнім құны – 90,5 млн АҚШ доллары. Өңір басшысы Түркістан қаласының даму барысы және облыстағы барлық сала бойын­ша жыл басынан бергі 10 айлық көр­сеткіш негізінде атқа­рылған жұмыс­тар жайлы мәлімет берді.

802 елді мекен 99,8% табиғи газбен қамтамасыз етіледі

Биыл өңірде 43 табиғи газ нысанының құрылысын жүргізуге 14 млрд теңге бө­лініп, жылдың қорытындысымен 20 ны­сан­ның құрылыс жұмыстары аяқталады. Нә­тижесінде, 423 елді мекен немесе 1 млн 275 мың тұрғыны табиғи газбен қам­­тылады. Облыс басшысының айтуынша, жыл қорытындысымен, 154 мың тұрғын та­би­ғи газбен қамтылады. 2025 жылдың қорытындысымен Түркістан облысының аудандардағы 802 елді мекенді 95% немесе 1,9 млн халықты 99,8% табиғи газбен қам­тамасыз ету жоспарлануда. Табиғи газға қо­сылған елді мекендердегі тұрғындарға әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде. Брифингте облыс әкімі ауызсумен қам­тамасыз ету мақсатында 56 нысан­ның құрылысына 18,9 млрд теңге қа­рас­­тырылып, қамту деңгейі 82,7% бо­ла­тынын жеткізді. Соның ішінде 35 ны­­сан биыл пайдалануға беріледі. Жыл қо­рытындысымен 19 елді мекен жаңа ауызсу жүйелерімен қамтылса, 6 елді ме­кен­дегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. 2 018 100 халқы бар Түркістан облысында 843 елді мекен,  оның ішінде, 7 қала мен 836 ауылдық елді мекен бар. Облыс бойынша 843 елді мекеннің 678-сы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етіледі. Атап айт­сақ, қалалар – 97,9 %, ауылдық елді мекендер – 91%.

28 мақтааралдық отбасы баспаналы болды

Мақтаарал ауданында апатты жағ­дайдағы ескі жатақхана мен моншаны мекендеп, жылдар бойы балабақшаны паналап келген 28 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Ұзақ уақыттан бері ескі ғима­раттарды пана қылған 28 отбасының баспанасы барын растайтын ешбір құжаты да болмаған. Түркістан Мақтааралда 386 үй салынып бітті. Бұдан бөлек, 1 200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша және дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 196 үй құрылысына Үкіметтік резерв есебінен қаржы бөлінсе, қалған 190 үйдің құрылысы қорлар арқылы бой көтерді. Сонымен қатар, Фирдоуси мен Өргебас елді мекендерінде жалпы 504 тұрғын үйдің 494-нің құрылысы аяқталып, 10 үй жақын арада пайдалануға беріледі. «Апаттың салдарын жоюға бүкіл рес­пуб­лика атсалысты. Осындай ерекше қам­­қорлық үшін барша мақтааралдықтың атынан шынайы алғыс айтуға рұқсат етіңіздер», – деді Өмірзақ Естайұлы.

10 айда 492,4 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Өңірде пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы – 492,4 мың шаршы метр. Тұрғын үй құрылысының қарқыны Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында үдей түскен. Мұндағы 7 қа­бат­­ты 24 тұрғын үй қараша айының соңын­да салынып бітеді. «Ипотекалық тұрғын үйлердің қата­ры артып, жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған 1 822 отбасы бас­пана­лы болады. Басым бөлігі тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде тіркелген көп­балалы отбасыларға, бюджеттік сала қыз­меткерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балаларға беріледі», – деді Өмірзақ Шөкеев. Аймақта тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 595,7 мың шаршы метр болады. 10 ай ішінде 406,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мем­лекеттік бюджет есебінен 158 ны­санның құрылысына  36,6 млрд теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 70 нысан пайдалануға тапсырылады. Жалпы, Түркістан облысы бойынша биыл 240 бюджеттік инвестициялық жобалар іске асырылуда. Биыл мемле­кеттік және ішкі істер органдары мен білім беру, денсаулық сақтау және мә­дениет салаларына тиесілі  77 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.

Денсаулық сақтау саласы қатаң бақылауда

Өңірде 78,5 млрд теңгеге денсаулық сақтау саласының 7 нысаны салынуда. Сондай-ақ 8 нысанның күрделі жөндеуіне 1 млрд 235 млн теңге бөлінді. Шалғай ауылдарда еңбектенуге ниет білдірген 45 жас маманға  1 500 000 тең­ге әлеуметтік қаржылай көмек көр­се­тіл­ді. Сонымен қатар 1 746 медицина қызмет­керлері білім жетілдіріп, оның ішінде 44 дәрігер Ресейде біліктілік арт­тырды. Түркістан Коронавируспен күресте дәрі-дәрмек тапшылығы орын алмауы тиіс деген облыс әкімі коронавирус инфекциясының екінші ықтимал толқынына дайындық барысында Түркістан облыстық медициналық ұйым­дарын дәрілік заттар және арнайы қор­ғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында республикалық және об­лыстық бюджет есебінен жалпы 2,1 млрд теңге қарастырылғанын мәлімдеді. Емдеу мекемелерінде қазір дәрі-дәрмектің 2 айлық қор резерві қалыптастырылған. Сонымен қатар 5 мыңға жуық медицина қызметкеріне 7,2 млрд теңге көлемінде үстемеақы төленді, тағы 483 медицина қызметкеріне жергілікті бюджеттен 181,9 млн теңге сомасында үстемеақы берілді.

Өңірде ай сайын 6 000-ға жуық сәби дүниеге келеді

Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша республика көлемінде алдыңғы шепте. Қазан айының өзінде аймақта 5 659 бала өмірге келген. Яғни, тәулігіне 200-ге жуық сәби дүниеге келеді. Жалпы жыл басынан бері 50 202 нәресте туылған. Өңірде бала туу көрсеткішінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,1 көрсеткішке артқаны байқалады. Облыстың экономикалық өсімі мен тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына бағытталған жобалар аясында тұрғындарға барынша қолдау көрсетілуде. Мәселен, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бо­йынша Түркістан облысында 67 038  адам қамтылып, оның ішінде 798 адам шағын несие алған және 6 039 адам мемлекеттік грантты иеленді.  30 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылған. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделін іске асыру мақсатында Түр­кістан облысында 49,5 мың отбасыға, яғни 277 мың азаматқа 31,9 млрд теңге қа­растырылған. «Облыста 2020 жылдың 1 қарашасына аз қамтамасыз етілген 35 109 отбасыға 13 156,2 млн теңге қаржы тағайындалып, 33 434 отбасыға 10 683,2 млн теңге атау­лы әлеуметтік көмек төленді.  Кепіл­дендірілген әлеуметтік топтама бойынша 1 және 6 жас аралығындағы 41 516 балаға азық-түлік жиынтығы мен гигиеналық құралдар берілді. Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айырылу салдарынан табысы төмендеген 544,5 мың азаматқа 23,1 млрд теңгеге 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер ұсынылды», – деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы.

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы