Жас ақындар мүшәйрасы мәреге жетті
Жас ақындар мүшәйрасы мәреге жетті
225
оқылды

Сыр өңірінде хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» тақырыбында қазақ ұлтының адамгершілік-этикалық болмысы жайлы жас ақындар арасында онлайн мүшәйра өткізілді.

Мүшәйраға аймақтың  жоғары, арнаулы оқу орындарының білім алушыларымен қатар, мек­теп оқушылары да қатысты. Мү­ш­әйра қорытындысы бойынша жеңім­паздар анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды. Бас жүлдеге  Шернияз Жал­ғас­­бекұлы, I орынға  Ердәулет Қа­лиев, II орынға  Ақниет Өмір­­зақ, III орынға  Айсұлтан Әшір­­бай лайық деп танылса,  Арай­лым Тұрымова «Жалын» но­ми­нациясын жеңіп алды. Мүшәйраға қатысқан жас ақындардың шығармашылығын белгілі ақындар Назгүл Бердіқожа, Мақсат Дауыл­бай және облыстық «Жастар ре­сурстық орталығы» КММ дирек­торының орынбасары Талғат Оспан­­ұлы сарапқа салды. Сондай-ақ 16 қазан-10 қараша аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақ­сатында жас зерттеушілердің «Біз­дің отбасының құнды жәді­герлері» тақырыбындағы облыстық online жоба жазу сайысы өткізілді. Сайыс екі кезеңмен өтті. Бірінші іріктеу кезеңге барлығы 114 жоба келіп түсті. 2020 жылғы 11 қараша күні әділқазылар алқасы іріктеу турын өткізіп, қорытынды кезеңге 17 оқушының жұмысы өтті. 13 қараша күні ZOOM плат­формасы арқылы сайыстың қо­рытынды кезеңі өткізілді. Қо­рытынды кезеңге 17 оқушы қа­ты­сып, 15 оқушы жүлделі орын­дарға (Бас жүлде – 2, І орын – 4, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 5) ие болса, 21 оқушы әртүрлі номинацияларға, 51 оқушы алғысхатқа ие болды.

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы