Петропавлда ер адамның мәйіті табылды. Бұл жайында Петропавловск.news. хабарлайды.
Крепостная көшесндегі 152-де орналасқан үйге қарама-қарсы жылу магистралінің жанындағы шұңқырға құлап, суға тұншығып қайтыс болған.Қайғылы оқиға қараңғы түнде болған. Оқиға орынан барған жедел-тергеу тобы мәйітті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Болжам бойынша, Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғыны жазатайым оқиғадан қайтыс болған.
Азамат шұңқырды байқамай, оған құлап, суға батып кетіп, қайтыс болған.
Оқиға қатысты тергеу жүргізілуде.