Енді Instagram-да like баспаймыз
Енді Instagram-да like баспаймыз
204
оқылды

Америка Құрама Штаттарындағы Instagram әлеуметтік желісіyде like басылмайтын болды. Wired басылымы хабарлады.

Соған байланысты келесі аптада тест режимде фото астында ұнатулардың санын жасыратын функцияны іске қосылады.

Пайдаланушылар өздерінің жазбалары бойынша ұнатуды көре алады. Бірақ бұл ақпарат басқа пайдаланушыларға қол жетімді болмайды.

Әлеуметтік желінің бас директоры Адам Моссеридің айтуынша, бұл инновация Instagram-дағы бәсекелестік жоюға көмектеседі.

Еске салсақ, бұған дейін осындай функция басқа әлеуметтік желілерде де сыналған. Мәселен, қыркүйекте Австралиядағы қолданушылары Facebook парақшасындағы like алып тастаған.