Лондонды таңғалдырған алыптар
Лондонды таңғалдырған алыптар
116
оқылды

Трафальгар алаңына ағылған туристердің назары Адмирал Нельсонның мүсінінен гөрі қазақ батырларына ауысты. Бұл жайында Казинформ жазды.

Бойы 2 метрден асатын жігіттермен лондықтар жарыса суретке түсті.
Ал батырлардың флеш-мобы Елизавета ІІ-ші ханшайымның лондондық ресми резиденциясы алдында жалғасты.

 «Орда» этно-жобасы аясында Думан, Бектөре, Елуар және Олжас есімді жігіттер екі жылдан бері қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық киімдерін әлем елдері арасында насихаттап келеді.

«Бұл жаққа келудегі мақсатымыз ұлттық киімдерімізді шетелдіктерге көрсету, қазақтың көне ғасырлық тарихын таныту. Ежелгі ата-бабаларымыздың жаугершілік заманда киген ұлттық нақыштағы киімдерін насихаттау» дейді «Орда» этно-жобасы қатысушысы Думан Әмин.