Хабиб неліктен жекпе-жекке Ресей туын жамылып шықпайтынын айтты
Хабиб неліктен жекпе-жекке Ресей туын жамылып шықпайтынын айтты
183
оқылды

"Біз Тони Фергюсонмен келіссөз жүргізіп жатырмыз"

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Мәскеудегі турнир алдында жанкүйерлердің сауалдарына жауап берген.

Біз Тони Фергюсонмен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Олар менің наурыз айында Лас-Вегасқа келіп төбелесуімді сұрады. Егер 2018 жылдың 6 қазанында (Конор МакГрегормен болған жекпе-жек) болған оқиғаға байланысты маған салынған бұрыс айыппұл үшін Вегас ресми түрде кешірім сұрайтын болса, мен ол жаққа баруға дайынмын. Егер олай істемесе – онда басқа нұсқа қарастырамыз. Білуімше, олар сәуір айында Нью-Йоркте турнир өткізбекші. Мен оған дайынмын.

Тағы бір нұсқа – Лас-Вегас кешірім сұрайды және маған миллион доллар айыппұлды қайтарып береді. Менің шартым осындай. Фергюсонмен кездесу өткіземін деп ойлаймын. Бұл жерде үлкен стадион жоқ екеніне қарамастан Мәскеуде жекпе-жек өткізгім келеді. Дегенмен 70 мың адам сыйдыра алатын «Зенит-Аренада» өткізуге болады.

Мен осы туралы сұрақты қойылады деп күттім. Туды жамылып жүретін және ол елді танытудың бірден бір жолы деп ойлайтын адамдар бар: оларға қарағанда айырмашылығым мен әйелдерді зорламаймын, ақсақалдарды ұрмаймын, адамдарды арақ ішуге шақырмаймын. Мен елімді басқаша таныстырамын. Сен туды көтеріп жүрсең – патриотсың деген сөз емес. Туды көтеру үшін атқару керек көп шаруалар бар. Соған сай бола білу керек.

Менің карьерам енді басталып жатқан жоқ. Аяқталуға да таяу емес. Әлі біраз кездесу өткіземін. Әзірге Ислам Махачевтің көтерілуін күтіп жүрмін. Мен оған эстафетаны табыстап кетуім керек. Белдігімді кез келген адамға бере салғым келмейді. UFC-дегі буын алмасу сәтті жүзеге асуы тиіс. Мен кеткен кезде, Ислам келіп жатса – бұл тарихи оқиға болар еді. Мұндай жағдай әлі ешбір бапкерде болған емес. Әкем, ағайындарым, біздің зал үшін менің карьерамның аяқталуы Махачевтің көтерілуімен тұспа-тұс келсе деген тілегім бар.

Карьерамды аяқтаған соң не істеймін деген сұраққа бас қатырамын. Әрине, оны ойланып жатуға да уақыт жоқ: кәсіби спортшы болған соң көп уақытым жаттығумен өтеді. Дегенмен арнайы жобаларды да ойластырып қойдық. Мен жоғалып кетпеймін.

Балаларымның менің жолымды таңдағанын қаламаймын. Басынан соққы алмас үшін ұлымның футболға барғанын жөн көремін. Бәлкім, күрес немесе дзюдо.