Енді педофилдерге рақымшылық жоқ – Қожаев
Енді педофилдерге рақымшылық жоқ – Қожаев
329
оқылды

Енді олар теміртордан мерзімінен бұрын босатылмайды және ешбір рақымшылыққа ілікпейді, ­– деп хабарлайды КТК.

Кәмелетке толмағандарға  сексуалдық сипатта қылмыс жасағандар қатаң режимдегі мекемеде ғана жазасын өтейді. Заң жобасындағы өзгерістер бұған дейін сотталған педофилдерге қатысты болмайды. Тіпті, қазіргі күні сотталып, мерзімі белгілі қылмыскерлер сол бұрынғы мекемелерінде жазасын өтей бермек. Соттың тағайындаған жазасы сол күйінде, өзгеріссіз қалады. Ал заң өз күшіне енсе, ендігі ұсталған педофильдер жаңа заң бойынша жауапқа тартылады. Олар амнистияға іліге алмайды, темір тордан ерте босатылмайды. Қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесіне жіберілмес бұрын, педофильдерге химиялық кастрация жасау не жасамау туралы сот шешімі шығарылу керек.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев: «Қазір кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипаттағы қылмысы үшін түрмеде 1870-тен астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың дені – 1300-ге жуығы қатаң режимдегі мекемеде отыр. Бір бөлігі әлі тергеуде. Ал бұған дейін жазасы жеңілдетілгендер басқа режимдегі мекемелерде», ­– деді.