Жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау тағы бір күнге ұзарды
Жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау тағы бір күнге ұзарды
321
оқылды

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспанаға құжат қабылдау уақыты бір күнге созылды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 


"Құрметті, Нұр–Сұлтан қаласының жастары! Бүгін, 10 қарашада ауа райының қолайсыздығынан Smart Astana порталы жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды уақытша қабылдаған жоқ. Осыған байланысты, құжаттарды қабылдау мерзімі 11 қарашаға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз" деп жазылған.