Нұр-Сұлтанда жарықтың өшіп қалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтанда жарықтың өшіп қалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
281
оқылды

ҚР Ішкі істер министрлігі елорданың сол жағалауындағы бірқатар көшеде жарықтың сөніп қалуына байланысты қылмыстық іс қозғады.

«Өздеріңіз білетіндей, қарашаның 9-нан 10-на қараған күні елорданың сол жағалауында апат болып, бірқатар мемлекеттік нысандарда, тұрғын үйлерде жарық сөніп қалған болатын. ТЖК мен қала әкімдігінің жедел шаралары барысында ақаулар жойылды. Апат жағдайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы бойынша (өрт қауіпсіздігін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жедел тергеу тобы қолына алды. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында»,– деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауында бірқатар көшенің электр энергиясынан ажыратылуына байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырған еді.