«Ұшақ у шашып жүрген» видео Солтүстік Қазақстан облысында түсірілген.
Кадр 2012 жылғы желтоқсанда түсірілгені және YouTube желісіне жүктелгені анықталды. Якутскта Ту-204 ұшағы түсірілген деп жазады Tengrinews.kz. Ол кезде ауа температурасы минус 45 градус болған. Ұшақтың артынан созылып жатқан із инверсиялық немесе конденсациялық деп аталады. Ол ылғал, тамшы немесе мұз кристалдары араласқанда пайда болады және атмосфераның кейбір күйінде ұшатын апарат қозғалып бара жатқанда шығады екен. Негізінен бұл құбылыс тропосфераның жоғарғы қабаттарында байқалады, бірақ ауа температурасы төмен болса, аса биік емес жерлерде де көрінеді.