Қызғаныш түбі – құрбандық
Қызғаныш түбі – құрбандық
244
оқылды

Күйеуі өртеп жіберген елордалық әйел ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты хабарлады. «Денесінің 75 пайыздық термиялық күйігі бар науқас 2019 жылдың 10 қарашасында сағат 1.35-те қайтыс болды»

Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын БАҚ-та елордалық ер адам әйелінің үстіне бензин ша­шып, өртеп жібергені жайлы ақ­парат жарияланды. Ресми мә­лі­метке сүйенсек, оқиға 6 қазан күні шамамен 11:40-та болған. Қа­лалық полиция қызметіне Ма­мандандырылған халыққа қыз­мет көрсету орталығы орналасқан аял­дамада денесін күйік шалған әйел­дің отырғаны хабарланып, атал­ған факті бойынша құқық қор­ғаушылар күдікті ретінде әйел­дің 43 жастағы күйеуін ұс­тады. «Отбасылық жанжал ке­зін­де ер адам әйелін қоқысқа алып келіп, газбен отқа орағаны бел­гілі болды. Кісі өлтіру әрекеті бойын­ша сотқа дейінгі тергеу амал­дары жүріп жатыр. Уақытша ұстау абақтысына қамалған аза­мат кінәсін мойындады» деп мә­­лімдеген елордалық полиция қыз­меті.

Әйелдің жағдайы туралы мә­­лімет ақпарат құралдарында үз­­діксіз жарияланып тұрды. Жә­бірленушіні жедел жәрдем қыз­меті Травматология және ор­топедия ғылыми-зерттеу инс­титутына жеткізген күні дә­рі­герлер оның денесінің 75 пайы­зы термиялық күйікке шал­дыққанын, ол медицинада өте қатты күйік шогы деп са­на­­латынын айтты. «Аса ауыр күйік шогы, жоғары тыныс алу жолдарының термальді-ин­­галяциялық күйік зақым­дануы және 2-3 дәрежелі конъюнк­ти­ваның күйігі анықталды. Нау­қас­тың жағдайы өте ауыр» деген бо­латын дәрігер-реаниматолог Татьяна Лебига.

Осы оқиғадан кейін тура то­ғыз күн өткенде Травматология жә­не ортопедия ғылыми-зерттеу инс­титутының мамандары 38 жас­тағы келіншектің жағдайы әлі де оңалмай жатқанын хабарлады. «Науқастың реанимация бөлім­ше­сінде жатқанына 9 күн болды. Жағ­дайы өте ауыр, күйген кез­де алған қорқыныштан арыл­ды. Гемодинамикасы тұрақ­сыз. Өмірлік маңызды органдардың қыз­меті дәрі-дәрмектің кү­ші­­­мен жұмыс істеп тұр. Бол­жам кү­мәнді. Тірі қалу мүмкін­ді­гі жайында айтуға әлі ерте» де­ді Анестезиология, реани­ма­ция және қарқынды терапия бө­лім­ше­сінің дәрігер-реа­нима­то­логы Ер­­бол Төлегенұлы. Сондай-ақ дә­рігерлер науқастың зонд ар­қы­лы тамақтанатынын, өкпесі жа­санды жолмен тыныс алып жат­қанын естірткен.


Ал 23 қазан күні әйелдің есін жиғаны, өздігінен дем ала бастағаны айтылды. Бірақ дәрігерлер «оны жақсарды деп айту қиын, өйткені оның бүй­рек қызметі бұзылған» деп, нау­қасқа бүйрек жеткіліксіздігі бар деген диагноз қойған. Ақыры нау­қастың күйік дәрежесі жағ­дайы­ның ауырлығынан ұзақ ем­деуден нәтиже болмай, дәм-тұзы таусылғаны хабарланды.

Марқұмның анасы Astana те­леарнасында күйеу баласы қы­зына бұған дейін де жәбір көр­сетіп келгенін айтыпты. Он ал­ты жыл отасқан отбасының 6 баласы бар, үлкені – 16-ға тол­са, кішісі – төртте. Ерлі-зайып­тының арасы алшақтауына қызғаныш себеп болған көрінеді. Анасының айтуынша, қызы осы айда заңды түрде ажырасып, Түр­кістан облысынан елордаға кө­шіп келіп, жаңа өмір бастауға әре­кет етіпті. Алайда күйеу баласы қы­зының қыр-соңынан қалмай, ақы­ры ажалына себепкер болды.  

Қызғынышқа бой алдырып, әйе­лін құрбан еткен 43 жастағы ер адамның дәл қазір қандай күй­де екені бізге беймәлім. Күдікті тер­геу изоляторында отыр. Нұр-Сұлтан қаласы полиция депар­таментінің хабарлауынша, оның үстінен «Адам өлтіру» ба­бы бойынша қылмыстық іс қоз­ғалған.