Алматы мен Шымкентте карантин ұзартылды
Алматы мен Шымкентте карантин ұзартылды
164
оқылды
Аталған өңірлерде карантин ұзартылды.
«Алматы облысында карантинді жалғастыруды және кейбір шектеу шарасын енгізуді қаулы етемін. Карантин режимі мен мерзімдері COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін», – делінген Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысында.
Қаулы бойынша, қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу сақталады. Жаңа қаулы 22 қарашада 7:00-ден бастап күшіне енеді. Шымкентте карантин 7 желтоқсанға дейін ұзартылды.