Комитет жолаушылар үшін Bek Air-мен төртінші рет соттасып жатыр  
Комитет жолаушылар үшін Bek Air-мен төртінші рет соттасып жатыр  
167
оқылды

Сауда және интеграция министрлігіне қарасты тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің қызметкерлері Bek Air әуе компаниясы орындалмаған рейстердің билеттері үшін ақшалай қаражаттарды қайтармағаны бойынша азаматтардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының соты тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төртінші талабын қарастырып жатыр.

Мақсат – әуе компаниясынан құны 5 млн теңгеден асатын 147 билетті сатып алған 86 жолаушының қаржысын қайтару.

Бұдан бұрынғы үш талаптың нәтижесі бойынша сот шешімдері мекеменің жағында болды. Бірақ компания бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым бергенімен, сот шешімі өзгермеді. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті ақшалай қаражатты қайтару бойынша істі соңына дейін жеткізеді.