Атырауда пандемия кезінде бетперде тігіп, түзеу мекемесінің медицина қызметкерлеріне көмек көрсеткен сотталған әйелдер марапатталды.
«УГ-157/11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан бес сотталған азаматша індетпен күрес кезінде қалыс қалмай, мекеменің санитарлық бөлімдерінде медициналық қызметкерлерге індеттің алдын алу бойынша ерікті түрде көмек көрсетті, бетперде тігумен айналысты, – дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикулов.
Polisia.kz.-тің жазуынша, пандемияға қарсы күреске атсалысқаны үшін сотталған әйелдер Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен марапатталды.