Оңтайлы бағдарламаға – 10 жыл
Оңтайлы бағдарламаға – 10 жыл
5,200
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қа­зақстан облыстық филиалы тө­рағасының орынбасары А.Бай­жа­но­ваның қатысуымен «Дипломмен – ауылға!» бағ­дар­ламасын жү­зе­­ге асыру мә­селесі бойынша пар­тияның ау­мақтық филиал­дары­мен оты­рыс өтті.

Елімізде білім беру, денсаулық сақ­тау, мәдениет және спорт, ауыл ша­руашылығы, әлеуметтік қам­сыз­дандыру салаларында сұра­ныс­қа ие мамандықтар бойынша дип­ломы бар жас мамандарды ауылдық жер­лерге тарту үшін 2009 жылы Ел­басы Н.Назарбаевтың баста­ма­сы­мен 10 жылдан астам уақыт бойы «Дипломмен – ауылға!» бағ­дар­л­амасы іске асырылуда. Айта кету керек, 2020 жылы рес­публикалық бюджеттен облыс­тың 381 жас маманына тұрғын үй сатып алуға кредит беру үшін 1 574 694 мың теңге бөлінді. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 380 ма­ман 1 469 967 теңге сомасында бюд­жеттік кредит алды. Қалалар мен аудандардың бюд­жеттерінде  биыл 494 маманға кө­тер­ме жәрдемақы төлеуге 137 167 мың теңге бөлу жоспарланған. 2020 жыл­дың 1 қарашасындағы мәлімет бойын­ша, 450 маманға 123 265,5 тең­ге жәрдемақы төленді. Онлайн отырыс барысында «Дип­­­ломмен – ауылға!» бағдар­ла­ма­­сын жүзеге асыру бойынша Бес­­қарағай, Зайсан, Шемонаиха ау­­дандарының аумақтық филиал­дары төра­ғаларының бірінші орын­басар­ларының баяндама­лары тыңдалды. 2009 жылдан бас­тап Шемонаиха ау­данына – 124, Зайсан ауданына – 162, Бес­қарағай ауданына 183 жас маман келген. Талдау көрсет­кен­дей, ауыл­ға ең көп жас педа­гог­тер мен ме­дицина қызметкерлері ба­раты­ны белгілі болды.

Ә білмансұр ЖАСАН