Түркия: Лаңкестерді өз еліне депортациялайды
Түркия: Лаңкестерді өз еліне депортациялайды
107
оқылды

Түркия АҚШ азаматы саналатын «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының содырын еліне депортациялады.

«Хабар 24» хабарлағандай, Түркияның Ішкі істер министрлігі өзге елден келген лаңкестер толықтай елден шығарылады. Сондай-ақ алдағы уақытта арнайы орталықта бақылауда отырған германиялық жеті лаңкесті де еліне қайтару жоспарланып отыр. Айта кетейік, бұған дейін Режеп Тайып Ердоған мемлекеттің миграциялық орталығында 1200 содырдың барын айтқан болатын. Олар Анкараның «Бейбітшілік қайнары» операциясы барысында қолға түсіп, қамауға алынған.

Түркия бас-аяғы 2,5 мың адамды өз Отанына қайтаруды жоспарлап отыр. Олардың басым бөлігі Еуропалық одақ елдеріне депортацияланады.