Қазақстанда жылына 10 мыңдай адам бостандыққа шығады
Қазақстанда жылына 10 мыңдай адам бостандыққа шығады
125
оқылды

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетовтің айтуынша, бостандыққа шыққандарды өмірге қайта бейімдеумен мамандар айналысады.

«Түзету мекемелерінің әкімшілігі жазасын өтеуші әр азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін жеке бағдарлама жасайды. Бостандыққа шыққанға дейін әр азаматқа нақты көмек көрсетеді. Тәрбие жұмысымен қатар, оның құқықтары мен міндеттемелері түсіндіріліп, қайда барып тұратыны, жұмыс істейтіні, туыстарымен қарым-қатынасы, әлеуметтік қарым-қатынасы, сондай-ақ әлеуметтік қажеттілігі сұралады. Осы сауалнамадан алынған мәліметтер әкімдіктерге, полиция мен пробация қызметтеріне жолданады», – деді Жанат Ешмағамбетов IX Азаматтық форумда.

Оның айтуынша, жыл сайын абақтыдан 10 мыңға тарта адам бостандыққа шығады.