«Түзету мекемелерінің әкімшілігі жазасын өтеуші әр азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін жеке бағдарлама жасайды. Бостандыққа шыққанға дейін әр азаматқа нақты көмек көрсетеді. Тәрбие жұмысымен қатар, оның құқықтары мен міндеттемелері түсіндіріліп, қайда барып тұратыны, жұмыс істейтіні, туыстарымен қарым-қатынасы, әлеуметтік қарым-қатынасы, сондай-ақ әлеуметтік қажеттілігі сұралады. Осы сауалнамадан алынған мәліметтер әкімдіктерге, полиция мен пробация қызметтеріне жолданады», – деді Жанат Ешмағамбетов IX Азаматтық форумда.
Оның айтуынша, жыл сайын абақтыдан 10 мыңға тарта адам бостандыққа шығады.