Қарағандыда жаңа пәтер аз
Қарағандыда жаңа пәтер аз
283
оқылды

Қарағанды облысында «Ба­­қытты отбасы» бағдарла­масы бойынша жаңа үйлер қол­жетімді емес. Өкі­нішке қарай «Нұрлы жер» мем­лекеттік тұрғын үй құры­лысы бағдарламасы аясында қай­талама нарықтан бас­па­налы болуға қаражат қарас­тырыл­маған.

«Бақытты отбасы» бағдар­ла­масы үй кезегіне тіркелген көп­балалы, мүгедек бала тәрбие­леп отырған және толық емес отба­сыларға арналған. Бұл бағдар­ла­маның тиімді тұсы мынау: Қа­зақстанның кез келген кенті мен ауданында үй кезегінде тұрған отбасылар облыс орталығынан, қалалардан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ар­қылы 2 пайызбен ипотека ала алады. Енді облыс орталығынан үй алу үшін қалаға жөңкіліп көшіп, тіркеуге тұрудың қажеті жоқ. Олар қалалықтардың үй кезегіне талас­пайды. Аудандар мен қалалар үшін жеке жолдама қарастырылған. «Бақытты отбасы» бағдарламасына жолдаманы жергілікті әкімдіктің Тұрғын үй қатынастары бөлімі бе­реді.

«Бақытты отбасы» бағдарла­масының тағы бір артықшылығы балаға кететін шығынды есепке алмайды. Кез келген банк ипотека берерде жалақыдан отбасының әр мүшесінің ішіп-жеміне, жо­лына, т.б. кететін шығындарды алып тастайды. Жалақыдан әке-шешесіне кететін шығынды ғана ескеріп, балалардың шығынын шегермейді. Сондай-ақ бұл бағ­дарлама бойынша жалақысы төмен отбасылар ғана үміткер болады. Жүз мыңға толар толмас жалақымен де ипотека рәсімдей алады. Жұртты толғандыратын сұрақ – «қара тізім». Бірнеше жыл қатарынан төленбеген, коллекторға өтіп кет­­кен, сотқа түскен, өсімпұлы өсіп жат­қан несиелер көп. Проб­ле­ма­­лық несиені жауып, төленді деген анықтама әкелсе, ипотека рәсім­деледі. Яғни, несие тарихына қарамайды.

«Бақытты отбасы» бағдар­ла­масы 10-15 жыл үй кезегінде тұр­ғандар үшін таптырмас шешім болғаны сөзсіз. Дегенмен осы бағ­дарламаға жолдама алғандардың біразы Қарағандыда пәтер таба алмай сарсаңға түсуде.

Бағдарлама бойынша пәтерді бірінші нарықтан алса әкімдіктер алғашқы жарна үшін миллион тең­генің сертификатын тегін та­быс­тайды. Алайда Қарағанды қа­ла­­сы­ның жұмыспен қамту және әлеу­­­мет­тік бағдарламалар бөлімі «Ба­қытты отбасы» бойынша тұрғын үй сер­­тификаттарына бөлін­ген қар­­жы­ның басым бөлігін бюджетке қай­тарды. Себебі миллион тең­гелік сертификат алғандар саны санаулы. Банк мақұлдауынан өткен 229 адамның тек екеуі ғана сертификат алған. Жыл басында облыс басшылығы тұрғын үй сер­­­тификатына облыстан 1 мил­лиард теңге қаржы бөлінеді деп жар салған-ды. Қаржының игеріл­меуіне не себеп? Өйткені сер­ти­фикат тек жаңа үйлерге беріледі. Ал Қарағанды қаласында жаңа үйлердің бағасы Нұр-Сұлтандағы пәтерлер құны­мен бірдей. Бағдарлама бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қала­ла­рынан 15 миллионға, өңірлерде 10 млн теңгеге дейін ғана ипотека беріледі. Қарағанды қаласында 10 млн теңгеге жаңа үйден бір бөлмелі ға­на пәтер келеді.

Қарағандыда жаңа үйлерде пәтердің шаршы метрі 240-280 мың теңге тұрады. Сонда 40 шаршы метр үй 9 млн 600 мың теңгеге түспек. Төрт, бес баламен 19 жылға бір бөлмені ипотекаға алу тиімсіз. Яғни, көпбалалы отбасылар жаңа үйден пәтер іздемейді.

Қарағанды қа­ла­­сы­ның жұмыспен қамту және әлеу­­­мет­тік бағдарламалар бөлімі «Ба­қытты отбасы» бойынша тұрғын үй сер­­тификаттарына бөлін­ген қар­­жы­ның басым бөлігін бюджетке қай­тарды. Себебі миллион тең­гелік сертификат алғандар саны санаулы. Банк мақұлдауынан өткен 229 адамның тек екеуі ғана сертификат алған.

Ал қайталама нарықтағы үйлер­­­ден алса ипотеканың ал­ғашқы 10 па­йыз жарнасын сатып алу­шы тө­­лейді. Мұндай үй арзан болға­ны­­мен, отбасыларда алғашқы жар­­­­­­наны төлейтін қаржы жоқ. Яғ­ни, бағдарлама тиімділігіне қара­­­мастан, онымен үй алу – екі­нің бі­ріне бұйыр­­майтын бақыт.

Жаңадан салынып жатқан үйлер жекеменшік компанияларға тиесілі. Бұл бағдарламада жаңа тұр­ғын үй кешендерінің мүддесі көзделген.

Қарағанды қаласының тұр­ғыны Айжан Данышпанқызы бес баласы бар жалғызбасты ана. Сәуірде Елбасы Nur Otan съезінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы туралы хабарлағанда Айжанның қуанышында шек болмады. 18 жыл үй жалдап күн кешкен Айжан үшін баспаналы болуға тамаша мүмкіндік туды. Ол жас нәрестесін қалдырып, жұмысқа шықты. Несиелерін жапты. Енді бағдарлама басталғанда қуа­нышы су сепкендей басылды. Қарағандының Октябрь ауданында 10 млн теңгеге төрт, бес бөлмелі жер үй келеді. Алайда жалғызбасты анада ипотеканың алғашқы жарнасын төлейтін қаржы жоқ. Жаңадан салынған үйдің бір бөл­месіне алты жан сыймайды.

Биылғы 14 тамызда Президент көмекшісі Аида Балаева ханым Қарағандыға келгенде бір топ қа­рағандылық көпбалалы ана өтініш жасады. Олар «Бақытты отбасы» бойынша Қарағанды қала­сында үй құнын 15 млн тең­геге көтеруді, 1 млн теңгенің серти­фи­катын қайталама нарыққа да беруді ұсынды. А.Балаева ханым ұсынысты құптады. Қарағанды об­лысының әкімдігі Үкіметке арнайы хат жолдады. Дегенмен арада үш ай өтті, мәселе Парламентте әлі қа­ралып жатыр. Депутаттар асығар емес. Банк берген үш ай мерзім аяқ­талуға жақын, сертификатқа бө­лінген қаржы игерілмеді, көпба­лалы аналар баспана таба алмай шарқ ұруда. Алғашқы жарна үшін қосымша несие алса, атаулы әлеу­меттік көмектен айырылады. Жаңа­дан енген өзгерістер бойынша несие отбасының табысы болып есептеледі де, атаулы көмек тоқ­тайды.

Қарағанды облысында «Ба­қыт­ты отбасы» бойынша барлығы 229 адам банк мақұлдауынан өтті. Біразы алды, ал 85 адам әлі үй іздеп жүр. Оның ішінде 35 отбасы үйді екінші нарықтан алғысы келеді, оған ипотеканың алғашқы жарнасын төлеуге қаражат жоқ.

Миллион теңгелік сертифи­катты тек жаңа үйлерге беру – на­рықты толық зерттемеуден ту­ған қадам. Өңірлерде салынып жатқан жаңа үйлер аз әрі бағасы қымбат. Кейбір үйлердің актісі жыл соңында қабылданады, сәйкесінше оларға ипотека рәсімделмейді. Бұл бағдарламаны қабылдағанда ірі қалалардағы жағдай ғана ес­керілген, өңірлерге мониторинг жасалмаған.

Оның үстіне, жаңа салынған үйлердің сапасы да сын көтер­мей­ді. Теміртау қаласында үй ке­зегінде тұрған отбасыларға бе­рілуі тиіс жаңа үйдің қабырғасы жарылды. Бес қабатты үйдің үшінші қабаты көтерілгенде ір­гетасы дұрыс қаланбағанын бір-ақ байқаған. Қатар салынған екі үйге кезекте тұрған 100 отбасы та­мыз айында қоныстануы тиіс бо­латын. Енді апатты үй­ді бұ­зып, қайта салмақ. Бұл үй­лерге бюд­­жеттен 700 млн теңге ау­да­рылған. Коммуникациясы бірге тар­тыл­ғандықтан екінші үйге де әлеуметтік осал топтар қоныстана алмай отыр. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстық Қоғамдық кеңес оты­рысында мәлім етті.

Қарағанды облысында 36 мың­нан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр. Келесі жылы облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1 965 отбасы жалға берілетін пә­тер­лермен қамтамасыз етілмек. Жеңіс Қасымбек 2021 жылдың ортасына дейін аймақта кезекте тұрған екі мыңға жуық көпбалалы отбасы арендалық үймен толық қамтылатынын айтты.

Қарағанды облысының «Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары да пәтерге мұқ­таж. Үйге қаржы жинаушылар саны бойынша Қарағанды – көш­бас­шылардың бірі. Тек Қарағандыда 97 636 адамның депозиті бар. Қарағанды облысында банктің 7 мың салымшысы ипотеканың ал­ғашқы жарнасын төлеуге қара­жат жинаған. Алайда нарық­та салымшыларды қанағат­тандыратын үйлер аз. Біріншіден, жаңа пәтерлер жетіспейді. Екін­шіден, жаңа үйлердегі шаршы метрдің бағасы 140 мың теңгеден жоғары. Келесі жылы облыста салымшылар үшін 1 500 несиелік үй тұрғызылмақ.

Биыл облыста берілуі тиіс 420 мың шаршы метр тұрғын үйдің 328-і дайын. Қалғандарын осы жылдың соңына дейін тапсыру көзделіп отыр. Өткен жылы өңірде 416 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. 2020 жылы бұл көлем екі есеге дейін ұлғайтылады. Об­лыс бойынша құрылыс көлемі ша­мамен 650 мың шаршы метрді құрайды.

– 420 мың шаршы метр – үлкен облысымыз үшін аз көрсеткіш. Тұрғын үй аз салынғанда, нарық­тағы бәсекелестік төмен болып қала береді. Бұл пәтер бағасының өсуіне жол береді деген сөз. Қара­ған­дыда тұрғын үй елордадағы бағамен бірдей. Сондықтан халық Нұр-Сұлтаннан пәтер сатып ала­ды. Егер елді мекенде тұрғын үй салын­баса, халық ол жердің болашағына сенбейді, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірдің барлық ауданында үй құ­ры­лысы қарқын алуы тиіс. Мысалы, Балқашта 2020 жылы 45 пәтерлік екі үйді тапсыру жос­­пар­лануда. Олардың бірі жал­ға берілсе, екіншісі несие арқы­лы сатылады. Шахтинскіде ке­лесі жы­­лы бес қабатты үйдің құры­лы­сы бас­та­ла­ды. Тағы екі көп­қа­батты – 15 және 60 пәтерлік тұрғын үй жөн­деу­ден өткізіліп, 2020 жылдың соңы­на дейін пай­да­лануға беріледі. Приозерск қала­сында биыл қа­ра­шада 24 пә­терлік көпқабатты үй дайын бо­лады. Келесі жылы тағы 69 пәтер пайдалануға беріледі.

Қарағанды облысында тұр­ғын үй мәселесі өте өзекті. Ол мәсе­лелерді шешу үшін ауқымды ша­ралар қолға алынуы тиіс.


Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, 
Қарағанды облысы