Ел дамуына үлес қосқан этностар
Ел дамуына үлес қосқан этностар
382
оқылды

Кеше елордада Қазақстандағы өз­ге ұлт өкілдерінің ел дамуына қосып келе жатқан үлесіне арналған рес­пуб­ликалық ғылыми-тәжірибелік кон­­ференция өтті. Бұл жиында «Қа­зақ­­стан этностарының Қазақстан халқының жалпы тарихи-мәдени мұ­расына қосқан үлесін зерделеу» деп аталатын зерттеу жұмысы та­ныс­­тырылды. Бұл жинақта ел да­муы­на елеулі үлес қосқан белгілі 50 тұл­ға туралы мәліметтер енгізілген.

«Өздеріңізге белгілі, сын сағатта қа­зақ жеріне келген көптеген ұлт өкілдері халқы­мыздың қамқорлығы мен мейіріміне бө­ленді. Өз кезегінде, олар да еліміздің әлеу­меттік, мәдени, экономикалық да­муы­на өлшеусіз үлес қосып келе жатыр. Жа­­­сыратыны жоқ, егемендік алған соң кей­бір посткеңестік елдер дұрыс этносара­лық саясат жүргізбеуі салдарынан сапалы мамандарын жоғалтып, даму қарқынын ондаған жылдарға шегеріп алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көреген этносаралық саясат жүргізді, Қазақстан халқы Ассам­блея­сын құрды» деді Ақпарат және қоғам­дық даму министрі Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның бүгінгі даму бағыты мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты осы же­тістіктерімізді сақтап, дамытуға негіз­дел­ген.

Конференция қатысушылары наза­ры­­на ұсынылған «Қазақстан этноста­ры­­ның Қа­зақстан халқының жалпы тарихи-мә­де­ни мұрасына қосқан үлесін зер­де­леу» атты зерттеу жұмысына компо­зи­­­тор, профессор Е.Брусиловский, аңыз­ға айналған фольклорист, этнограф, ком­по­зитор А.Затаевич енген. Сонымен қа­тар Герольд Бельгер, Нина Патрушева, Ана­толий Храпатый, Денис Тен және Қа­зақ­станның дамуына үлес қосып жүрген қа­зақстандықтардың еңбегі атап өтілген.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қо­ғам­дық даму институтының басқарма төра­ғасы Кемелбек Ойшыбаев еліміз тә­уел­сіз мемлекеттің өзіндік үлгісін құрды деп санайды. Ол аталған үлгінің негізгі құ­рамдастары: патриотизм, этномәдени дәстүрлер мен қоғамдық келісім құнды­лық­тары екенін атап өтті.

«Сондықтан «Рухани жаңғыру» ая­сын­да жүзеге асырылатын осындай жобалар ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше рөлге ие. Біздің тарихи-мәдени мұрамыз – елде тұратын барлық этностың ортақ рухани және зияткерлік үлесінің нәтижесі екенін нақты мысалдар арқылы көрсеткіміз келе­ді» дейді ол.  

Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрлігі мен «Рухани жаңғыру» қазақ­стан­дық қоғамдық даму институты ұйым­­дастырған конференция жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төраға­сы­ның орынбасары – хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Ая­ған, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этно­логия институтының директоры Зия­бек Қабылдинов, тарих ғылымы және этно­логия, этносаралық қатынастар, сая­си зерттеулер саласындағы жетекші ма­ман­дар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

 

Айдана БЕГІМ