Ақтөбедегі шошқа дауы: Армениядағы ферманың иесі жауап берді
Ақтөбедегі шошқа дауы: Армениядағы ферманың иесі жауап берді
221
оқылды

Екі ай бұрын Арменияға сапарлап кеткен кәсіпкер Гайк Тертерян сол жақтағы тілшілерден сәлемдеме жолдаған. Ол әуе қатынасының жоқтығынан елге орала алмай отырғанын айтады. Бірақ тұрғындардың наразылығына ұшыраған фермасы заманауи техникамен жабдықталған деп ақталды.

Сонымен қатар жылына миллиондаған салықты «Алға ауданының бюджетіне құйып отырмын» дейді. Бірақ тұрғындар талабын орындау үшін Бестамақтағы шошқа фермасын жабу туралы үкімет шешім шығарса, сол күні талпақ танауды жоқ қыламын деп отыр. Ақтөбе облысындағы қожалыққа қатысты наразылық бірнеше күнге жалғасқан. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бизнесменге кеше екі талап қойғанын жеткізді. Біріншісі – ферманы толық жабу, екіншісі – шошқа орнына басқа мал өсіру. Дегенмен Гайк Тертерян шошқасын жаппай қырып салу қауіпті дейді.

«Парижская коммуна» ЖШС құрылтайшысы Гайк Тертерян: «Үкімет ферманы қазір жап десе, жауып тастаймын. Бірақ ол тез шешілетін шаруа емес. Уақыт керек. Екі жыл әлі несие төлеуіміз қажет. Су мен жем бермей, бүгін-ертең қырып таста десе, артынша індет тарауы мүмкін. Ол да – қауіпті», ­– дейді.