Ақтөбеде 15 жастағы мектеп оқушысы қатарластарының қолынан қаза тапқан еді.
Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімдер арасындағы төбелестен үш бала ауыр жарақат алған. Көз жұмған жасөспірім еркін күрестен чемпион болған екен. 10-сынып оқушысы отбасының тұңғышы. Жасөспірімнің туыстары кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанат Еркебаева: «Бізге полиция бөлімінен кешкі сағат 9-дар шамасында 10-11 сынып оқушыларының жиналғаны жөнінде хабар келді. Артынша баланың қайтыс болғанын айтты. Мадияр тәртіпті, көп сөйлемейтін, мінезі орнықты, үлгілі бала болды. Суретті өте жақсы салатын», - деді.
Ақтөбедегі «Заречный- 3» ауданында болған төбелестен оқушыларды ауруханаға кімнің жеткізгені тексеріліп жатыр.