Жаңа жылдан бастап сүт қымбаттауы мүмкін.
КТК арнасының хабарлауынша, келер жылдан бастап Қазақстанда сүт қымбаттап, тапшылық болуы мүмкін. Себебі, сүт өнімдерін шығаратын зауыттардың көбі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық талабына сай келмейді.
Телеарнаның мәліметінше, 2020 жылы күшіне енетін ереже бойынша сүттің сапасы мен құрамы жіті тексеріледі. Бірақ отандық кәсіпорындар әлі күнге дейін сүтті ауылдардағы кішігірім шаруа қожалықтарынан жинап жүр. Бұл техникалық талапқа мүлдем сай келмейді. Елімізде сүт өнімдерін шығаратын 150-ге жуық зауыт бар. Келесі жылдан бастап Кеден одағының техникалық талабы күшіне енсе, кәсіпорындардың жаңа талаптарға сай жұмыс істейді. Мұның соңы сүт тапшылығына ұрындыруы мүмкін.