Басқарма бір данасын 68 мың теңгеге сатып алған маскаларды көрсетті
Басқарма бір данасын 68 мың теңгеге сатып алған маскаларды көрсетті
359
оқылды

Жансақтау бөлімінің дәрігерлері үшін бір данасы 68 000 теңге тұратын 200 маска сатып алған.

Мемлекеттік сатып алу сайтында лот жарияланып, сол бойынша аймақтық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы GoldenStag компаниясынан жалпы сомасы 13,6 миллион теңгеге жартылай маска сатып алған. Бір масканың құны – 68 000 теңге.    width= Басқарманың мәліметінше, 68 000 теңгеге сатып алынған маскалар бетті толықтай жауып тұрады. Көзді, ауыз қуысын, мұрынды аэрозольден қорғайтыны айтылады. Сонымен қатар, оның бактерияға қарсы тұра алатыны және ауыстырылатын екі сүзгісі бар.

«Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КМК мен GoldenStag ЖШС арасында Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібімен, яғни «бір көзден» тәсілімен сатып алу өткізілді. Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкес өнім берушілерден ауыстырылатын көмір сүзгілері бар, аэрозольдерінен қорғайтын, бетті толық жабатын 3M медициналық сүзгіш маскаларға баға ұсыныстары сұралды. Баға ұсыныстарын бірнеше жеткізуші ұсынды, олар 69 300-ден 69 500 теңгеге дейін сұрады. Баға ұсыныстарын салыстыру нәтижелері бойынша ең төмен бағаны GoldenStag компаниясы ұсынды», – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда 1 данасы 68 мың теңгеден сатып алынған маска туралы жазған болатынбыз.