Бір күнде 28 ұры ұсталды
Бір күнде 28 ұры ұсталды
208
оқылды

Алматы облысының тәртіп сақшылары «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күні мал ұрлығының 18 дерегін әшкерелеп, қылмысқа қатысы бар 28 күдіктіні анықтады. 60 бас иелеріне қайтарылды. Оның ішінде 45 қой, 14 сиыр және жылқы бар, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қапшағай қаласының полициясына жергілікті шаруа қожалықтардың бірінен 40 қойдың жоғалғаны жайлы хабарлама түскен. Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шаралары барысында келесі қыстақта мал бағатын 30 жастағы азамат қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның көршісінің 40 қойын өрістен ұрлап, Талғар ауданына жеткізгені анықталды. Полицейлер ұрланған 33 бас қойды иесіне қайтарды. 

«Зардап шегушіге 1,5 миллион теңге шығын келген. Күдікті азаматтың бұған дейін мал ұрлағаны үшін бас бостандығы шектелгені және ол мерзімнің аяқталмағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ол Қапшағай қаласы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оның бұдан өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда»,– деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жалпы, биыл Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар деген айып тағылған қылмыстық топтың 59 мүшесі жауапкершілікке тартылған. Олардың 181 мал ұрлығын жасағаны дәлелденіп, 80 млн теңгеге жуық материалдық шығын өндірілді.