Ақтөбеде төбелестен қайтыс болған жасөспірім оқиғасы туралы қосымша деректер шықты
Ақтөбеде төбелестен қайтыс болған жасөспірім оқиғасы туралы қосымша деректер шықты
5,155
оқылды

Ақтөбе облысында колледждің үшінші курс студенті оныншы сынып оқушысын өлтірді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов мәлімдеді.

Департамент басшысы арнайы брифинг барысында Мадияр Исмағұловтың өліміне қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, 9-сынып оқушысы жол колледжіндегі таныстарына сыныптасының зәбір көргеніне байланысты шағымданады. Олар №61 мектепке жанжалды «шешуге» келеді. Бастапқыда олар жекпе-жек шығаруға келіскенімен, жеңімпазды анықтау мүмкін болмайды, нәтижесі бір біріне пышақ жұмсайды. Марқұм жасөспірім жолдасы үшін қарсыласып, пышаққа түсті. Тағы екі жасөспірім пышақ жарақатын алды. Дегенмен, олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ.

 

Қансыраған Мадияр Исмағұловты сыныптасы әкесінің көлігін ауладан ұрлап мініп, темір жол ауруханасының жанын алып барады да, өзі қорқып қашып кетеді. Оқушы дәрігерлер келгенге дейін көп қан жоғалтып, көз жұмған. Оқиғаның ізімен полиция кісі өлтірушіні күдікті мен төбелеске қатысушы жиырма шақты жасөспірім мен куәгерлерді ұстады.

Тергеу мүддесінде байланысты оқшаулау камерасында отырған күдіктінің аты-жөні жария етілмейтінін айтқан тәртіп сақшылары оның жол-көлік колледжінің үшінші курсында оқитынын мәлімдеді.