Атырауда мониторинг топтарының жұмысы күшейтілді
Атырауда мониторинг топтарының жұмысы күшейтілді
222
оқылды

Атырауда COVID-19 вирусының таралуын бол­дырмау мақсатында құрылған мониторинг топтың жұмысы жалғасуда. Оған жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық кеңестер, «Атамекен» ҰКП өкілдері, жергілікті полиция қызметі қыз­меткерлері және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және оның ау­мақтық басқармаларының мамандары кірді.

Атырауда аймақ басшысы Ма­хам­бет Досмұхамбетовтің төра­ғалығымен  COVID-19 ви­русының таралуын бол­дырмау мақсатында құрылған мониторинг тобының жұ­мысын талдау мақсатында өт­кіз­ілген жиынға құзыретті мекеме басшылары мен қала, аудан әкім­дері қатысты. «Қазір әлемде болып жат­қан жағ­дайды көріп отыр­сыздар, кей­бір елдердегі ах­уал күрделі. Тіп­ті, бірқатар об­лыстағы  жағ­дайды да кө­ріп отырмыз. Сондық­тан  кез келген уақытта да­­йын бол­уы­мыз керек. Қа­уіп­тің ал­дын алу үшін мо­ни­торинг топ­тар, әсіресе де­малыс күндері жұ­мы­сын кү­шей­тсін. Халыққа түсін­діру, ескерту жұмыстарын да жан­­дандырыңыздар, – деді Махамбет Досмұхамбетов. Жиын барысында Ден­саулық сақтау, Полиция, Та­уарлар мен көрсе­тілетін қыз­меттердің сапа­сы мен қауіпсіздігін бақылау де­партамент­тері, «Атамекен» кәсіп­керлік палатасы және қала, аудан әкімдері өз сала­лары бойынша жа­салып жат­қан жұмыстары бо­йын­ша есеп беріп, ұсыныстарын жет­кізді. Әкім аппараты басшы­сының орынбасары Ерлан Ғалиев мо­ни­торинг топтар­дың жұмыс тиім­ділігін арт­тыруға қатысты бірқатар нақ­ты ұсынысын айтты. Сондай-ақ шекара бе­ке­тіндегі келушілерге ба­қы­лауды күшейту, сенбі-жексенбі күндері тексеріс шараларын көбейту, кә­сіп­керлер карантиндік шара­ларды бір­неше рет бұзған жағдайда лицен­зиясынан айыру мәселелері де тал­қыға салынды. Басқосу соңында өңір басшысы қаулы талаптарын қатаң сақтауды, мониторинг тобы жұмысын тұрақ­ты зер­делеп отыруды, түсіндіру жұ­мыс­тарын кеңінен жүргізіп, жа­уап­ты тұлғалардың бірлесе іс-қи­мыл жасауын, сонымен қатар ба­қылауды күшейтуді тапсырды. Биылғы 5 маусым мен 20 қараша аралығында мони­торинг топтар 6 120 тексеріс жүргізіп, 15 122 нысан тек­серілген. Нәтижесінде, 2005 материал жинақталып, 86 млн теңгеге жуық айыппұл салынған. Оның ішінде 579 әкімшілік іс жеке және заңды тұлғаларға қатысты толтырылған. Мұның бәрі әлі де болса өңірде індеттің қауіптілігін тұрғындар жіті түсінбей жүргенін айқындап бе­ріп отыр. Халық қылышын сүй­реп келген қыс айларын­да тұ­мау­дың өршуі мүм­кіндігін ес­керіп, індет жұқтырмаудың қағи­даларын ұстанғанда ғана аман қалуға болатынын ұғынатын уа­қыт жетті. Сон­дықтан COVID-19 вирусының та­ра­луын болдырмау мақ­сатында құрылған мо­ни­торинг тобы індеттің қауіп­тілігін халыққа түсіндіруді жаң­дандыруда жұ­мыла іс ат­қаруы қажет. Аймақ бас­шысы М.Досмұхамбетов жиын­­ға қатысушыларға осы жауап­­кершілікті абыроймен атқарып, індеттің тоқтауына барлық күшті жұмылдыруды тапсырды. Tyrsin       Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы