Елордада жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысуға 6304 өтінім берілді.
«Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеп жүрген жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдау аяқталды. 2019 жылдың 12 қарашасы күні сағат 22:00-де жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша онлайн өтінімдер қабылдау аяқталды. Smart Astana порталы арқылы 6304 өтінім қабылданды. Өтінімдерді қабылдау барысында жүйеге виртуалды көмекші қосылды, ол интерфейсте барлық қажетті мәселелер бойынша өтініш білдіргендерге бірден кеңес береді. Құжаттарды толтыру процесінен бөлек 4,5 мыңнан астам онлайн-кеңес көрсетілді»,– делінгент таратылған мәліметте.
Smart Astana порталы электрондық үкіметпен интеграцияланғанын және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы (2-форма), тіркеу мерзімі, жасы, отбасы жағдайы, балалардың болуы, отбасына тіркеу секілді мәліметтерді автоматты түрде тексереді. Критерийлерге сәйкес келмейтін 1180 өтінімнен жүйе арқылы бас тартылды.
«Тұрғын үй комиссиясының отырысы 2019 жылғы 6 желтоқсанда өтеді. Арнайы балдардың нәтижесі бойынша 1050 пәтер беріледі»,– деп жазылған хабарламада.