Алматыда жанар-жағармай бекеті өртенді

Алматыда қызметі тоқтап тұрған жанар-жағармай бекетінен өрт шықты.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін 25 қарашада түскі сағат 12:22-де «101» кезекші пультіне Райымбек даңғылы, 222 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жеткен.

«Өрт сөндіру бригадасы келген кезде кереуеттен тұтанған от қабырға арқылы жұмыс істемейтін жанармай құю бекетін шарпығаны анықтады. Өрт 18 минуттың ішінде сөндірілді. От шыққан жерден газ баллоны сыртқа шығарылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді және жарылыс болу қаупі жойылды»,– деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін, келесі ережелерді еске салады:

- Алкогольді ішімдік ішкен жағдайда темекі шекпеңіз;

- Тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың қасында темекі шекпеңіз;

- Темекі қалдығы мен шырпыны кез келген жерге лақтырмаңыз. Кішкене ғана темекі тұқылы үлкен қайғыға әкеп соқтыратынын ұмытпаңыз.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.