Ердоған Трамптың хатын өз қолына ұстатты
Ердоған Трамптың хатын өз қолына ұстатты
5,166
оқылды

Түрік президенті Тайып Ердоған Вашингтонда өткен келіссөз барысында АҚШ-тың көшбасшысы Дональда Тармпқа хатын қайтарып берді.

– Құрметті президентке өзінің хатын қайтарып бердім, – деді Ердоған кешке бірігіп өткен пресс-конференцияда.

 Еске салсақ, қазан айының ортасында Трамп Ердоғанға хат жіберген болатын. Хатта АҚШ президенті түрік әріптесін Сирияға жасаған әскери операциясына байланысты «Ақымақтық жасап, бүкіл әлемнің көңілін қалдырмауға» шақырған еді.

Сол кезде Ердоған өз елі америкалық басшының «қатаң хатын ұмытпайтынын» хабарлаған.