Диабетпен ауырмаудың жолы қайсы?
Диабетпен ауырмаудың жолы қайсы?
346
оқылды

Жыл сайын 14 қарашада Дүниежүзілік диабетпен күресу күні атап өтіледі (World Diabetes Day).

Қант диабеті әлемде ең көп таралған эндокринологиялық ауру. Ол ағзадағы көмірсулар алмасуының бұзылуынан, ағза қандағы қант деңгейін (глюкоза) көтере алмағанда пайда болады. Қан қоюланып, уақыт өте келе инфаркт, инсульт, соқырлық, бүйрек жетіспеушілігі және аяқ гангренасына әкелуі мүмкін. ДДҰ деректері бойынша, әлемде 422 миллионға жуық қант диабетімен ауыратындар тіркелген. Алайда диабеттің денсаулыққа төндіретін күрделі қаупіне қарамастан, науқасқа шалдыққандардың жартысына жуығы өз аурулары туралы тіпті күмәнданбай мүлдем білмей жатады.

ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары диабетпен ауырмау үшін мына қағидаларды сақтауға кеңес береді:

Дұрыс тамақтану. Диабеттің алдын алу үшін ас үлесінен қантты және құрамында қанты бар кез-келген азық-түлікті (печенье, табиғи емес сусындар) алып тастау керек. Оның орнына құс етін, калориясы аз балық, көкөністер, тәтті емес табиғи сусындар тұтынған жөн. Макарон және ұн өнімдерін, татымды, ащы және қақталған ас ішуді шектеген дұрыс. Қуырылған тамақты буға пісірілген, бұқтырылған тамаққа алмастыру қажет.

Күнделікті физикалық жүктемелер. Егер күніне ең болмаса жарты сағат дене шынықтырумен айналысқан жағдайда қант диабетінің профилактикасы тиімді болады. Қант диабетінің алдын алу үшін жаяу жүріп, велосипед айдау керек, сонымен бірге бимен, жүзумен, футболмен және басқа да спорт түрлерімен айналысқан абзал.

Рухани тендікті сақтап, жақсы көңіл күйде болу. Үнемі күйзелістер аурудың пайда болуының басты себебі болғандықтан, қант диабетінің алдын алу үшін эмоционалдық жағдайды бақылау қажет. Көңіл күйі нашар адамдармен аз араласып, күйзеліске ұшырататын жағдайлардан аулақ болған жөн.

Медициналық тексеруден тұрақты өту. Қауіп тобындағы адамдар диабеттің алдын алу үшін кем дегенде жарты жылда бір рет талдаулар тапсырып тұруы қажет.