Шопаннан 15,5 келі марихуана тәркіледі
Шопаннан 15,5 келі марихуана тәркіледі
240
оқылды

Жамбылдық полицейлер «Допинг» іс-шарасы барысында есірткі қылмысының 30 дерегін анықтады.

«20 қарашада Ақыртөбе ауылының маңындағы жайылымда қой бағып жүрген Жамбыл облысының 62 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан 15 келі 500 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады және қамауға алынды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жамбыл облысында 15 дәріхана, 18 дәрі қоймасы, 6 емдеу мекемесі, 3 өндірістік кәсіпорын тексерілді. Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 2 келі гашиш, 22 келі марихуана, құрамында есірткі және психотроптық заттары бар 1 480 ампула тәркіледі.